SMART TOURISM: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ТӘЖІРИБЕНІ ЖАҚСАРТУ ҮШІН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Б. АЛЬМУХАМБЕТОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ЕСЕНБЕК Ланкастер университеті
  • Н. НҰРМАҒАНБЕТҚЫЗЫ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

ақылды туризм, жеке саяхат тәжірибесі, саяхат қосымшасы, саяхатшылар, деректерге негізделген шешімдер

Аңдатпа

Қазіргі уақытта саяхат алдын ала дайындалған туристік пакеттерді таңдаудан гөрі жеке тәжірибе ретінде қарастырылады. Жаңа технологиялардың пайда болуы және 5G байланысының кең таралуы саяхатшылардың өздерінің таңдаған локацияларындағы жергілікті көрікті жерлерге саяхатты жоспарлау, навигация және оларға қол жеткізуде мобильді қосымшаларды қолдануы революцияға әкелді. Корпоративтік саладағы мобильді қосымшалардың жылдам дамуы, оның ішінде деректерге қатысты алып қарайтын болсақ, нарықтағы бәсекелестікте белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Әлеуетті келушілердің 93%-ы технологияны меңгерген тұрақты түрде смартфондарды пайдаланатын саяхатшылар, олардың санының артуы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл зерттеу технологияның саяхат тәжірибесіне қалай ықпал ететінін жақсырақ түсіну үшін отандық және халықаралық қосымшаларды зерттей отырып, Түркістан аймағында мобильді қосымшаларды пайдалану мүмкіндерін анықтауға бағытталған. Жалпыға қолжетімді қосымша деректерді талдау арқылы зерттеу мақсаты аймаққа тән артықшылықтарды толығымен пайдалану үшін қосымшалардың біріктірілуі керек нақты сипаттамаларын анықтау болып табылады. Бұл зерттеу болашақ кәсіпорындардың, қонақүйлердің, мәдени мұра нысандарының және мемлекеттік органдардың өзгермелі талаптарын қанағаттандыру үшін қосымшаларды пайдаланушылар мен провайдерлердің перспективаларын зерттейді. Сонымен қатар, қала бренд-менеджерлеріне түпкі пайдаланушылардың бірегей қалауларына және аймақтың сипаттамаларына сәйкес келетін функционалды қосымшаларды құру бойынша ұсыныстар беруге бағытталған.

Жарияланды

2024-03-29