Мақаланы жариялау шарттары
Мақаланы жариялау шарттары
«Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналына бұрын жарияланбаған, журналдың бағытына сәйкес мақалалар қабылданады.
Журналға тақырыптық бағытына сай, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған және журнал талаптарына cәйкес рәсімделген мақалалар қабылданады.
Бір мақалада ең көп дегенде төрт автор болуы мүмкін. Бір автор бір нөмірде екі рет жариялана алады: бір рет негізгі автор ретінде және бір рет қосалқы автор ретінде, бірақ қалған үш автор қайталанбауы керек.
Автор (авторлар) ғылыми мақалаларын журналдың веб-сайтына аты-жөнін, мемлекеті мен қаланың атауын, жұмыс орнын, қызметі, ғылыми дәрежесін, атағын көрсете отырып, жүктейді. Қосымша автор болған жағдайда, негізгі автор бірінші көрсетіліп, корреспонденция авторы ретінде (*) белгісімен белгіленеді.
Автор журналға мақаланы беру барысында ілеспе хатында жұмыстың ерекшелігін, бұрындары еш жерде жарияланбағандығын дәлелдеп, кейіндері де өзге басылымдарға жарияламау міндетін өзіне алады.
Редакция алқасы мақаланы қарастыру барысында авторлармен, рецензенттермен байланысты тек электронды платформада және электронды пошта арқылы жүзеге асырады.
Журнал Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми басылымдарының үшінші тізіміне енгізілді. Осыған байланысты журналда мақала жариялау ақылы негізде жүзеге асырылады.
Бір мақаланы жариялау құны – 35 000 теңге. Төлем университет ұсынған QR-код арқылы жүргізіледі.
Көшіру және плагиат
Ғылыми мақала «Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналының редакция алқасына түскеннен кейін Антиплагиат.ком (Antiplagiat - Международный университет туризма и гостеприимства) антиплагиат жүйесі арқылы плагиатқа мақаланың түпнұсқалық ерекшелігі яғни мәтіннің көшірілмегендігі тексеріледі.
Авторлықты көрсетпей сондай ақ, ғылыми мақалаларды қолданғанда оларды сілтемесіз көрсету немесе пайдалану плагиатқа жол беру болып табылады. Мұндай жұмыс этикалық кодексті, зияткерлік меншікті бұзушылық деп есептеледі.
Ұсынылған ғылыми мақала ерекшелігі (оригинальность) 75% -дан асқан жағдайда ғана жарияланымға ұсынылады. Қолжазба ерекшелігі 75% ға жетпеген жағдайда мақала авторға қайтарылып, себебі түсіндіріледі. Автор қолжазбаға өзгертулерді және түзетулерді