Журнал туралы

«Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» ғылыми журналы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің құрылтайшылығымен жарық көреді. Журнал 2023 жылғы 19 маусымда тіркеліп, № KZ84VPY00072237 мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы куәлік берілген.

Жазылу индексі: № 76243.

2024 жылғы наурыз айынан бастап журнал Халықаралық ISSN орталығында тіркелген:

ISSN 3007-083X (Print)
ISSN 3007-0848 (Online)

2025 жылғы 19 қыркүйектегі №1605 бұйрыққа сәйкес «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» ғылыми журналы «Туризм» ғылыми бағыты бойынша ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдардың 2-тізіміне енгізілді. Журналда жарияланған ғылыми мақалалар аталған бағыт бойынша 2025 жылғы қаңтар айынан бастап есепке алынады.

Журналда жарияланған мақалалар Crossref халықаралық деректер базасында тіркеледі және әрбір мақалаға электрондық ғылыми жарияланымды тұрақты сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бірегей DOI (Digital Object Identifier) цифрлық идентификаторы беріледі. DOI префиксі: 10.62867.

Журналдың редакциялық алқасының құрамына Қазақстанның және шетелдің ғалымдары кіреді.

Ғылыми мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Журналда Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан және басқа да шет мемлекеттердің ғылыми және білім беру ұйымдары өкілдерінің зерттеу еңбектері жарияланады. Жарияланған мақалалардың толық мәтіні журналдың ресми сайтында орналастырылады.

Журналдың мақсаты – туризм, қонақжайлылық және қонақүй бизнесі, экономика, қаржы, кәсіпкерлік, менеджмент және маркетинг салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялау; отандық және халықаралық ғылыми тәжірибені, заманауи әдіснамалық тәсілдерді ғылыми ортаға кеңінен тарату; Қазақстан мен шетел ғалымдары, зерттеушілері, оқытушылары, докторанттары және ғылыми ұйымдары арасындағы ғылыми байланысты дамытуға ықпал ету.

Журналдың міндеті – заманауи ғылыми зерттеулер нәтижелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, академиялық адалдық пен ғылыми жарияланым этикасы қағидаттарының сақталуына ықпал ету, сондай-ақ жарияланатын мақалалардың тақырыбы мен мазмұнының журналдың ғылыми бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету.

Журналдың тақырыптық бағыты – туризм, қонақжайлылық және қонақүй бизнесі, экономика, кәсіпкерлік, менеджмент және маркетинг салаларындағы өзекті мәселелер мен ғылыми негізделген зерттеу нәтижелерін қамтитын мақалаларды, сондай-ақ аталған бағыттар бойынша отандық және әлемдік ғылымның заманауи жетістіктерін саралайтын шолу мақалаларын жариялау.

Журнал нөмірлерінің тақырыптық мазмұны басылымның негізгі ғылыми бағыттары шеңберінде редакциялық алқа және ғылыми редакторлармен келісе отырып айқындалады.

Журналдың шығу мерзімділігі

Журнал электрондық және баспа форматында жылына 4 рет (тоқсан сайын) жарық көреді:

  • бірінші нөмір – 30 наурызға дейін;

  • екінші нөмір – 30 маусымға дейін;

  • үшінші нөмір – 30 қыркүйекке дейін;

  • төртінші нөмір – 30 желтоқсанға дейін.