Рецензия тәртібі
Редакциялау жұмысының тәртібі және рецензиялау
Журнал талаптарына сәйкес дұрыс рәсімделген мақалалар плагиат бағдарламасымен тексеріледі. Ұқсастық коэффициенті плагиат талабына сай болып тексерілгеннен кейін, ары қарай авторлардың аты – жөні көрсетілместен екі рецензентке жіберіледі. Рецензиялау жасырын түрде жүзеге асады. Авторлар туралы мәліметтер көрсетілмеген мақаланың қолжазбасы электронды платформа арқылы рецензентке жіберіледі. Рецензент жұмыстың өзектілігіне, сапасына, ғылыми жаңалығына, құрылымына, жүйелілігіне және ұсынылған фактілер мен материалдардың сенімділігі және т.б. бойынша бағалайды.
Бұл ретте рецензенттің біреуі мақалаға, түзету мен толықтырулар қажет деп тапқан жағдайда автор жеті күн ішінде мақаланы қайта өңдеу қажет. Рецензент берген ескертпелерді ескеріп, мақаланың мәтініне өзгерістер мен түзетулерді енгізіп, редакцияға қайта жіберілген материалдар рецензентке қайта рецензиядан өткізу үшін жіберіледі.
Екі рецензенттенде оң шешім алған мақалалар қабылдау кезегіне сәйкес тиісті санда жарияланады. Егерде бір рецензент қарсы болған жағдайда үшінші рецензентке жіберіледі. Осыдан кейін мақаланың жариялануы немесе жарияланбауы жөнінде соңғы шешімді «Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналының бас редакторы үшінші рецензияны немесе редакция алқасы мүшесінің қорытынды шешімін алған кезде қабылдайды.
Екі теріс рецензия берілген мақала қабылданбайды және авторға ескертіледі.