Хабарландырулар

Құрметті авторлар!

2025 жылдың наурыз айынан бастап «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» ғылыми журналына мақала жариялау ақылы жүйеге көшетінін хабарлаймыз. Бір жарияланымның ақысы ақпан айының соңында сайтта жарияланатын болады.

  • Екінші санға мақала қабылдаудың аяқталуы туралы

    2025-03-03

    Құрметті авторлар!

    Редакция 2026 жылғы маусым айындағы журнал санында жарияланған барлық мақалаларға DOI нөмірлері беріліп, толықтай белсендірілгенін хабарлайды.

    Осыған байланысты жарияланған мақалаларға өзгерістер, түзетулер немесе толықтырулар енгізу мүмкін емес.

    Сонымен қатар, қазіргі уақытта 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап редакцияға келіп түскен мақалалар кезегі қалыптасып, олар рецензиялау мен редакциялық өңдеудің соңғы кезеңінен өтуде.

    Редакцияның жұмыс кестесіне сәйкес, 2026 жылғы наурыз айынан бастап келіп түсетін барлық мақалалар кезектілік тәртібімен журналдың желтоқсан айындағы санына қарастырылатын болады.

    Басылымымызға көрсеткен сенімдеріңіз бен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

    Құрметпен,
    Журнал редакциясы

    Толығырақ оқу Екінші санға мақала қабылдаудың аяқталуы туралы