Авторларға арналған нұсқаулық

     

      Мақалаларды тіркеу және жіберу

      «Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналына мақалаларды тіркеу және жіберу ресми веб-сайтта (authorization) жүзеге асырылады, ол Open Journal System жүйесін қолданады. Ол үшін автор сайтта тіркеліп, редакциялық саясатпен, жарияланым этикасының ережелерімен танысып, мақаланы журналдың талаптарына сәйкес рәсімдеп, жіберуі қажет.

      Мақаланың құрылымдық элементтерінің тақырыптары қалың әріппен ерекшеленуі тиіс. Мақала «жасырын» рецензиялау процесінен өтеді, рецензенттерді журналдың редакциялық алқасы тағайындайды. Егер рецензент мақаланы түзетуге жіберсе, мақала қайтадан плагиатқа тексеріледі. Мақаланың соңында әр автордың толық аты-жөні, кері байланыс мекенжайы, телефондар, факс, электрондық пошта (e-mail) көрсетілуі тиіс. Мақала мазмұнына автор (авторлар) жауапты. Ғылыми-редакциялық кеңестің пікірі әрқашан автордың (авторлардың) пікіріне сәйкес келе бермейді. Мақалаларды жариялау дайындық дәрежесіне қарай жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Редакция дайындалатын шығарылымдардың айдарларына сәйкес кезектілікті белгілеуге құқылы. Редакциялық алқа автордың (авторлардың) бұрын жарияланбаған, журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келетін мақалаларын қабылдайды. Мақала электрондық форматта ұсынылып, журнал сайтына жүктелуі тиіс.

        Мақала авторларының тегі мен инициалдары көрсетілуі қажет. Автор ілеспе хатта толық аты-жөнін, мемлекеті мен қаласын, жұмыс орнын, лауазымын, ғылыми дәрежесі мен атағын, e-mail, ORCID, байланыс телефонын көрсетуге міндетті. Ілеспе хатта бұрын ұсынылған мақаланың жарияланбағаны, рұқсатсыз алынған дәйексөздер мен плагиаттың жоқ екендігі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер мақала авторлар ұжымы атынан ұсынылса, тек жауапты автордың электрондық мекенжайы көрсетіледі.

         «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» журналында жарияланған барлық мақалалар Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясы аясында таратылады. Бұл пайдаланушыларға мақалаларды еркін оқуға, көшіруге, таратуға және бейімдеуге мүмкіндік береді, бірақ міндетті түрде авторға сілтеме жасалуы тиіс. Лицензия туралы толығырақ