Журналдың редакциялық саясаты

      Журналдың редакциялық саясаты

«Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналының редакциясы (бұдан әрі – журнал) өз қызметінде кәсібилік, объективтілік, ғылымилық, бейтараптылық принциптерін басшылыққа алады. Олар ғылыми басылымды дайындауға және ғылыми-зерттеу нәтижелерін таратуға қатысты этикалық міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады.

      Журналдың мақсаты Қазақстан, ТМД елдері және әлемнің басқа елдерінде жүргізілген туризм, экономика, қаржы, маркетинг, қонақжайлылық бағытындағы зерттеу жұмыстарын жариялау, осы бағыттардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми ортаны ақпараттандыру; осы бағыттардағы әлемдік тәжірибе мен әдістемелік тәсілдерді ғылыми ортаға жеткізу; ҚР аумағында, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде (профессорлар, ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар) түрлі ғылыми ұйым өкілдерінің өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету.

      Журналдың тақырыптық бағыты – туризм, қонақ үй бизнесі, экономика, кәсіпкерлік, менеджмент және маркетинг бағыттары бойынша ғылыми негізделген зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелері мен нәтижелері арқау болған мақалалар және осы бағыттағы әлемдік деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасайтын мақалалар.

     Жариялау этикасы

Редакцияның авторлармен өзара байланысы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және объективтілік қағидаттарына негізделеді.

Қолжазбалар жарияланымға дайындау процедурасынан өткізіледі. Бұл ретте авторлық құқық Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтеріне сәйкес сақталады.

Журналға қабылданған ғылыми мақалалар бағыты бойынша сарапшы ғалымдар тарапынан міндетті түрде қосарланған «жасырын» рецензиялаудан өтеді.

Редакцияның мақала авторларымен және рецензенттермен байланысы OJS электрондық платформасы арқылы онлайн режимде және қажет болған жағдайда электрондық пошта  арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми басылым ҚР ҒЖБМ-нің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізу үшін қойылатын талаптарға (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034516#z6) сәйкес шығарылады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибенің ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, COPE жариялау этикасы Комитетінің халықаралық жариялау этикалық нормасына сәйкес https://publi-cationethics.org/ және Elsiever баспасы әзірлеген ғылыми жарияланымдар этикасы Кодексінің ережелері аясында тиісті талаптарды сақтайды  https://www.elsevier.com/about/policies/publishing-ethics,.

      Қолжазбаны жариялау шарттары

«Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» автор (авторлар) бұрын жарияламаған, қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қатаң түрде қолжазба талаптарына сәйкес рәсімделген мақалалар қабылданады.

Ғылыми мақаланың қолжазбасын автор-корреспондент редакция алқасына журналдың келесі саны шыққанға дейін кемінде екі ай бұрын ұсынады. Журналға жариялау үшін кемінде 10 беттен төмен болмайтын қолжазбалар қабылданады.

Автор қолжазбаны электронды платформа арқылы барлық метадеректер мен оның авторларын көрсете отырып жіберуі тиіс.

Авторлар редакцияға бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған (баспа, электронды және басқа ашық көздерде) мақаланың түпнұсқасын ұсынуы қажет. Авторлар зерттеу нәтижелерінің нақтылығы, жаңалығы және дәлелдемесі үшін жауап береді. Қолжазбаны редакциялау кезінде немесе «Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналының рецензенттері тарапынан сарапталуы кезінде, сондай-ақ мақала жарияланғаннан кейін авторлар бұл қолжазбасын басқа басылымға жариялауға ұсына алмайды.

      Мәтіндерді көшіру және плагиат

Плагиат үшін ғылыми мақалаларды тексеруді журналдың жауапты хатшысы «ХТжМУ университетінде жазбаша жұмыстарды плагиатқа тексеру Ережесіне» (ПУ-02-02-01) сәйкес жүргізеді. Ғылыми мақалаларды тексеру Antiplagiat.com лицензияланған плагиатқа тексеру жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады (https://mutig.kz.antiplagiat.com/?ReturnUrl=%2Fcabinet). Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну керек.

     Журналға жариялау үшін ұсынылған ғылыми мақалалар мәтінінің түпнұсқалығы кем дегенде 60% құрауы керек. Түпнұсқалық нормаға сәйкес келмеген жағдайда мақала қайтарылады. 60%-дан жоғары нәтиже көрсеткен, журналдың профиліне және басылымға қойылатын талаптарға сәйкес келетін мақала қарауға қабылданады және рецензиялауға жіберіледі.

     Мақаланы рецензиялаудың түрі мен тәртібі

Журналдың редакциясына жіберілген барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде қос (екі) жасырын тексеруден өтеді (рецензент қолжазбаның авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді).

Мақалаларға пікір беруді рецензенттер – ішкі және сыртқы/шетелдік ЖОО-дың тиісті білім және ғылым саласындағы жетекші сарапшылары жүзеге асырады. Мақаланы сараптау үшін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді редакторлар қабылдайды. Қарау мерзімі – 2-4 апта, бірақ рецензенттің өтініші бойынша оны ұзартуға болады.

Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдауға әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда сараптаудан бас тартуға құқылы. Рецензент қолжазбаны қарау нәтижелері бойынша өз ұсыныстарын береді:

  1. «Мақаланы қабылдау»- егер қолжазбада түсініктемелер болмаса, ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен ерекшелігінің талаптарына жауап берген жағдайда қолжазба журналға ұсынылатын жарияланымдар тізіміне енгізіледі;
  2. «Мақала қосымша өңдеуді талап етеді» - бұл жағдайда мақала авторларға ескертулерді жою үшін жіберіледі. Рецензенттің ескертулеріне сәйкес түзетілген мәтінді алғаннан кейін редакция мақаланы рецензенттің қарауына екінші рет жібермей, оны жариялауға ұсыну мүмкіндігі бар.
  3. «Мақаланы қайта рецензиялауға жіберу» - бұл жағдайда мақала авторларға ескертулерді жою үшін жіберіледі. Түзетілген мәтінді алғаннан кейін редакция мақаланы рецензенттің қарауына екінші рет жібереді. Егер рецензенттің мақалаға елеулі ескертулері болған жағдайда, мақала үшінші рет рецензенттің қарауына жіберіледі. Үшінші ретінде елеусіз ескертулер болса, редакцияның шешімімен жариялауға ұсынылады немесе бұдан кейін де рецензенттің оң пікірі болмаса мақала редакция шешімімен одан әрі қайта қарау құқығынсыз қайтарылады.
  4. «Мақаланы қабылдамау» - бұл жағдайда, екінші рецензенттің пікірі оң болса, үшінші рецензентке жіберіледі. Егер де үшінші рецензенттің де пікірі теріс болса, редакцияның шешімімен қабылданбайды.

Редакцияның келесі отырысында пікірлер алынғаннан кейін алынған мақалалар туралы мәселе қаралады және рецензенттердің қорытындылары негізінде мақаланы жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылданады.

Мақаланы жариялау үшін баспаға дейінгі дайындау міндетті болып табылады және техникалық редакциялаудан тұрады, қабылданған форматтау стандарттары мен журналға мақалаларды жариялау ережелерінің сақталуын қадағалайды.  

      Мұрағаттау және қолжетімділік

«Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналының ресми сайтында (OJS платформасы - (https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/index) оның мазмұны мен толық мәтініне қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл дүниежүзілік ғылыми қауымдастық ауқымындағы қолжетімділікті жақсарта түсетіні анық.

Сайттағы барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі, бұл сайт мазмұнының қазақстандық қана емес, сонымен қатар шетелдік ғалымдар мен оқырмандарға ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сайтта журналдың редакциялық саясаты, оның мақсаты мен тақырыптық бағыты, мақаланы жариялау шарттары, рецензиялау саясаты, жариялау этикасы, редакциялық алқа мен халықаралық редакциялық кеңестің құрамы, сондай-ақ өзге де ақпарат ұсынылған. Электрондық нұсқадағы журналдың барлық басылымдары тегін таратылады.

     Құпиялылық шарттары

Авторлар туралы ақпарат мақала соңында журналының берілген. Аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы туралы ақпарат бар.

Редакциялық алқа автор (авторлар) туралы мәліметтерді рецензенттерге, ал авторларға-рецензент туралы мәліметтерді жария етпейді. Сонымен қатар, ол мақаланың шолуы туралы ақпаратты жарияламайды.

      Жариялау жиілігі

Журнал жылына 4 рет шығарылады. Жарияланым тілдері-қазақ, орыс, ағылшын.

Жарияланған мақалалар редакция алқасының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Редакция сапалы мақалаларды таңдауға құқылы, сондай-ақ ұсынылған материалдардағы ақпараттың дұрыс ұсынылмағаны үшін жауап бермейді.

*Журналдың редакциялық саясаты 2023 жылғы 23 мамырдағы «Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality» журналының редакциялық алқасының кеңесінде талқыланды және бекітілді.  Кеңестің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 1 хаттамасы.

Бекітілген редакциялық саясат