Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Қолжазбаны рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар:
- Мақала көлемі - А4 форматындағы 12-14 бет, шрифт 12 - Times New Roman, аралығы– бір, шекаралары– қарапайым (абзац – 1 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, үстіңгі – 2 см, астыңғы – 2 см).
- Графиктер, суреттер, сызбалар, кестелер мақала мәтінінде нөмір және атауы көрсетілуі қажет (Мысалы: 1-кесте - Кестенің атауы).
- Мақала ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу), Абстракт, Түйін сөздер, Негізгі бөлім, Әдебиеттер тізімі, Транслитерациясы қамтуы қажет.
- Мақалалардың құрылымы келесідей болуы шарт: Абстракт, Кіріспе, Зерттеу әдіснамасы, Негізгі бөлімнің мазмұны ашылып көрсетілетін бөлімдер мен бөлімшелер, Қорытынды (Нәтижелер).
Мақаланы рәсімдеу ережелері
- Бірінші жолда – МҒТАР коды: https://grnti.ru/, теңестіру – сол жақ шетінде.
- Келесі жолда – ӘӨЖ коды: https://teacode.com/online/udc/, теңестіру – сол жақ шетінде.
- Мақала авторы(лары) – аты мен әкесінің аты және тегі (негізгі автордың аты-жөнін* және *e-mail почтасын * белгісімен көрсетіледі), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, e–mail, жұмыс орны (аффилиация), қала, ел, ортасында.
- Мақала атауы (тақырыбы) жұмыстың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырман назарын аударуы керек. Қысқа, ақпараттық болып, жаргон немесе қысқартулар болмауы қажет. Үш тілде жазылады: қазақ, орыс және ағылшын. Қалың және кіші әріптермен жазылады, теңестіру – ортасында.
- Мақала тақырыбының астына қолжазбаның жазылған тілінде бір аралықпен Аңдатпа мен Түйінсөздер жазылады (12 кегль)
- Астына бір аралықпен Кіріспе жазылады
- Мақаланың негізгі бөлімі құрылымды болуы қажет. Бөлімшелердің арасы бір аралықта болып, әрқайсының Тақырыбы болуы шарт
- Негізгі бөлімнен кейін бір аралықпен Қорытынды (Нәтижелер) беріледі
- Кейін бір аралықпен Әдебиеттер тізімі және Transliteration беріледі Әдебеиттер тізімі “ГОСТ 7.1-2003”-ке сәйкес рәсімделу керек (http://docs.cntd.ru/document/1200034383) «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттар. Құрастырудың ортақ талаптары мен ережелері» Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама)
- Транслитерация http://www.translit.ru сайты арқылы жүзеге асырылады
- Транслитерациядан кейін Аңдатпа және Түйін сөздер интервал арқылы, егер мақала орыс тілінде жазылған болса, қазақ және ағылшын тілдерінде, егер мақала қазақ тілінде жазылған болса, орыс және ағылшын тілінде беріледі.