ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРИЗМ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
Гастрономиялық туризм, туризм нарығы, гастро-турист, қазақ асхана мәдениеті, ҚазақстанАңдатпа
Бұл зерттеуде Қазақстанның гастрономиялық туризм нарығын бағалау көзделді. Зерттеу нысанын Қазақстанда қызмет көрсететін туризм саласының мүдделі тараптары құрайды. Осы нысаннан Алматы өңіріндегі түрлі туризм кәсіпорындарында қызмет атқаратын 15 қатысушыдан сұхбат тәсілі арқылы деректер жиналды. Зерттеу нәтижесінде ұлттық тамақтану кәсіпорындарына туристердің әртүрлі деңгейде келетіндігі, әсіресе Қытай мен Германиядан келген туристердің басым екендігі анықталды. Сондай-ақ туристердің этно-ауыл үлгісіндегі мейрамханаларды көбірек таңдауға бейім
екендігі белгілі болды. Бұдан бөлек, Қазақстанның гастрономиялық туризмдегі басым нысаналы нарықтары қатарында «көрші және мәдени тұрғыдан жақын елдер», «Еуропа елдері», «Азия елдері», «Таяу Шығыс елдері» және «Солтүстік Америка елдері» орналасқаныайқындалды. Осы нәтижелер негізінде туризм кәсіпорындарына, тамақтану орындарына, туристік компанияларға және зерттеушілерге пайдалы ұсыныстар берілді.