АГРОТУРИЗМ САЛАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУДЫ БАСҚАРУДЫҢ КЛАСТЕРЛІК МЕХАНИЗМІ (МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Кілт сөздер:
инвестициялар, менеджмент, басқару механизмі, ауыл шаруашылығы, агротуризм, интеграция, синергетикалық әсер, кластер, инфрақұрылым, инвесторАңдатпа
Мақалада агротуризм саласына инвестициялар тартуды басқарудың кластерлік механизмі зерттеледі. Зерттеу Маңғыстау облысындағы агротуризм объектілерінің нақты тәжірибесіне негізделіп, сандық және сапалық әдістердің үйлесімі арқылы жүргізілді. Деректер жинау барысында агротуризм субъектілері (ауыл шаруашылығы өндірушілері, туристік кәсіпорындар, қызмет көрсету ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар және инвесторлар) арасындағы өзара байланыс, өңірдің табиғи ресурстық әлеуеті, туристік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығының даму деңгейі және инвестициялық ахуалы талданды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кластерлік тәсіл инвестициялық тартымдылықты арттыру, ұйымдардың тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін күшейту, сондай-ақ өңірде жұмыс орындарын көбейту және жергілікті халық табысын арттыру үшін тиімді механизм болып табылады. Кластерлік механизмнің негізгі элементтері — институционалдық, қаржылық, инфрақұрылымдық және маркетингтік компоненттер.
Сондай-ақ, ұсынылған модель агротуризмді дамытуда синергетикалық әсерге қол жеткізудің тиімді жолы ретінде қарастырылады.
Маңғыстау облысының табиғи-ландшафтық ерекшеліктері мен этнотуризм, дәстүрлі шаруашылық мәдениеті, құмды-тау жоталары мен жайылымдар базасындағы агротуристік өнімдердің әлеуеті аймаққа инвестиция тартуда ерекше мүмкіндіктер береді.
Алайда инвестиция көлемінің төмендігі, инфрақұрылымның әлсіздігі және маркетингтің жеткіліксіздігі саланың дамуына кедергі келтіреді. Зерттеуде ұсынылған кластерлік механизмді енгізу өңірдің туристік тартымдылығын арттыру, агротуризм саласын дамыту және әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.