ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК ОҚЫТУДЫ ЫҚПАЛДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ТУРИЗМ СТУДЕНТТЕРІНЕ КӘСІБИ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ КРЕАТИВТІ ТӘСІЛДЕРІ
Кілт сөздер:
туризмге арналған ағылшын тілі; кәсіби коммуникация; тәжірибе арқылы оқыту; цифрлық технологиялар; рөлдік жағдаяттар; кәсіби сөйлеу; оқу белсенділігі., английский язык для туризма; профессиональная коммуникация; обучение через опыт; цифровые технологии; ролевые ситуации; профессиональное говорение; учебная вовлеченность.Аңдатпа
Кәсіби лексика мен грамматиканы меңгеру туризм мамандығы студентінің ағылшын тілінде қызмет көрсетуге байланысты коммуникативтік міндеттерді шешуге дайындығын әрдайым қамтамасыз ете бермейді. Зерттеудің мақсаты – цифрлық технологияларды, кәсіби жағдаяттарды және тәжірибе арқылы оқытуды біріктіретін сегіз апталық бағдарламаның нәтижелерін дәстүрлі оқытумен салыстыра бағалау. Алдын ала және қорытынды өлшемдері бар квазиэксперименттік дизайн қолданылды: эксперименттік және бақылау топтарының әрқайсысында 30 студенттен болды (N = 60). Бағдарлама қонақүйге тіркеу, шағымдармен жұмыс, тур таңдау, экскурсиялық сүйемелдеу, мейрамхана сервисі, мәдениетаралық өзара әрекет, дестинацияны ілгерілету және кешенді қызмет көрсету жағдаяттарын қамтыды. Нәтижелер кәсіби ағылшын тілі тесті, жағдаяттық ауызша тапсырма және қорытынды оқу белсенділігі сауалнамасы арқылы бағаланды. Тест нәтижесінің орташа өсімі эксперименттік топта 14,62 балл, бақылау тобында 3,68 балл болды; өсімдер арасындағы топаралық айырмашылық 10,94 баллды құрады (p < 0,001; d = 2,50). Қорытынды сөйлеу көрсеткіштері тиісінше 22,70 және 19,10 балл болды (p < 0,001; d = 1,19). Эксперименттік топтың қорытынды оқу белсенділігі мінез-құлықтық, эмоциялық және когнитивтік өлшемдер бойынша сипатталды. Нәтижелер зерттелген іріктеме шеңберінде кешенді бағдарламаның артықшылығын көрсетеді. Топтардың рандомизациясыз қалыптастырылуы және бірнеше педагогикалық компоненттің қатар қолданылуы себеп-салдарлық түсіндіруді және нәтижелерді басқа білім беру жағдайларына жалпылауды шектейді.