ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЖЕТТІЛІКТІҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
Инклюзивті туризм, әлеуметтік қажеттілік, туристік инфрақұрылым, аймақтық ерекшеліктер, инклюзивтік алғышарттар.Аңдатпа
Бұл зерттеу Қазақстанның 20 өңіріндегі инклюзивті туризмді дамытудың әлеуметтік-демографиялық алғышарттары мен институционалдық негіздерін зерделеуге бағытталған. Зерттеудің өзектілігі ерекше қажеттіліктері бар жандар санының серпінді өсумен және олардың сапалы туристік қызметтерге деген сұранысының артуымен негізделген. «Бір өлшем бәріне ортақ» принципінің тиімсіздігін көрсете отырып, аймақтық дифференциация қажеттілігін алға тартады. Мысалы, Түркістан және Ұлытау облыстары сияқты әлеуметтік жүктемесі жоғары өңірлерде тарихи-мәдени нысандарға дейінгі «үзіліссіз» инклюзивті маршруттар құру басымдыққа ие. Ал Астана мен Алматы мегаполистері цифрлық қолжетімділік пен жоғары технологиялық қызмет көрсетудің мультимодальді орталықтары ретінде қарастырылады. Зерттеу аясында ҚР СТ ISO 21902-2024 халықаралық стандарттарын ұлттық заңнамасымен үйлестірудің төрт стратегиялық бағыты (технологиялық, инфрақұрылымдық, басқарушылық және маркетинг) ұсынылған. Бұл кешенді әдіс тек физикалық кедергілерді жоюды ғана емес, сондай-ақ «eQonaq» жүйесін модернизациялауды және қызмет көрсету этикасын стандарттауды көздейді. Қазақстанда инклюзивті туризмді дамыту әлеуметтік интеграцияның құралы ғана емес, ресурстық емес секторды әртараптандырудың стратегиялық факторы. Ұсынылған ғылыми негізделген ұсыныстар отандық туризмді барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер мен әмбебап дизайн қағидаттарына негізделген бәсекеге қабілетті салаға айналдыруға мүмкіндік береді.