ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ STEM ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Ш. РАМАНКУЛОВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Д. БЕРДІ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • И. УСЕМБАЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ш. ХИКМАТУЛЛА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

STEM жобалар, STEM білім беру, оқушы, икемді дағдылар, туризм, ерекшеліктер.

Аңдатпа

Мақалада туризм саласында әзірленген STEM жобалар арқылы оқушылардың икемді дағдыларын (soft skills) дамыту ерекшеліктері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде пәндік біліммен қатар коммуникация, сыни ойлау, креативтілік, командада жұмыс істеу және проблемаларды шешу сияқты икемді дағдыларды қалыптастыру басым бағыттардың біріне айналды. Зерттеудің мақсаты – туристік бағыттағы STEM жобалардың оқушылардың икемді дағдыларына ықпал ету әлеуетін анықтау және олардың дамытушылық мүмкіндіктерін негіздеу. Зерттеу барысында STEM білім беру мен жобалық оқыту (PjBL) ерекшеліктерін айқындау мақсатында ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, тарихи нысандардың макеттерін жасау, робот-гид әзірлеу, цифрлық туристік маршруттар құрастыру сияқты туристік мазмұндағы STEM жобалар талданып, олардың пәнаралық сипаты мен практикалық бағыттылығы анықталды. Практикалық кезеңде макет құрастыру, 3D модельдеу, жобалау, бағдарламалау және байқауларға дайындық әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері туризм мазмұнына негізделген STEM жобалардың оқушылардың шығармашылық белсенділігіне, командада жұмыс істеу дағдыларына, коммуникациялық қабілеттеріне және өзін-өзі таныстыру құзыреттіліктеріне оң әсер ететінін көрсетті. Сонымен қатар, жобаны қорғау және байқауларға қатысу үдерісі оқушылардың жауапкершілігін арттырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

Жарияланды

2026-06-30