ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ ҚОНАҚ ҮЙ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Кілт сөздер:
жасыл бастамалар, қонақ үй индустриясы, тұрақты даму, энергия тиімділігі, экологиялық стандарттар, ҚазақстанАңдатпа
Жаһандық тұрақты даму тұжырымдамасына көшу жағдайында қонақ үй индустриясы экологиялық бастамалар белсенді түрде енгізілетін негізгі салалардың біріне айналуда. Зерттеудің мақсаты – өңірлік ерекшеліктер мен халықаралық экологиялық менеджмент стандарттарын ескере отырып, Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуына қонақ үй секторындағы жасыл тәжірибелердің ықпалын кешенді бағалау. Зерттеу ғылыми жарияланымдарға, халықаралық стандарттарға және қонақ үй компанияларының есептеріне мазмұндық талдау жүргізуге негізделген. Қонақ үйлерді экологияландырудың негізгі бағыттары мен құралдары айқындалып, халықаралық және ұлттық тәжірибе талданды, сондай-ақ негізгі кедергілер мен даму перспективалары анықталды. Зерттеу нәтижелері жасыл бастамаларды табысты енгізу стандарттау, мемлекеттік қолдау, инвестиция тарту және тұтынушылардың экологиялық санасын арттыруды қамтитын кешенді тәсілді талап ететінін көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңызы – жаһандық тәжірибелерді Қазақстанның қонақ үй секторы жағдайына бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлеуде.