ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ НЕГІЗІНДЕ САНАТОРИЙ-КУРОРТТЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
Кілт сөздер:
санаторий-курорттық туризм, рекреациялық әлеует, емдік туризм, Түркістан өңірі, минералды сулар, туризмАңдатпа
Мақалада Түркістан өңірінің рекреациялық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде санаторий-курорттық туризмді дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі емдік-сауықтыру туризміне деген қызығушылықтың артуымен және өңірлердің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығымен түсіндіріледі. Зерттеудің мақсаты – Түркістан облысының рекреациялық әлеуетін талдау және оны санаторий-курорттық туризмді дамытуда пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, жарияланымдарға контент-талдау жүргізу, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ сипаттамалық статистика тәсілдері қолданылды. Зерттеу аясында емдік-сауықтыру туризмінің дамуына арналған 25 ғылыми дереккөз қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері Түркістан облысының рекреациялық әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Өңірдегі санаторий-курорттық туризмнің дамуына табиғи емдік ресурстар, әсіресе Сарыағаш пен Манкент курорттарының минералды сулары маңызды әсер етеді. Табиғи ресурстарды туристік инфрақұрылымды дамыту арқылы тиімді пайдалану өңірдегі туристік қызметтің кеңеюіне ықпал етуі мүмкін екендігі атап өтіледі.
Алынған нәтижелер санаторий-курорттық туризмді дамыту Түркістан облысының рекреациялық әлеуетін тиімді пайдаланудың маңызды бағыттарының бірі бола алатынын көрсетеді.