БОЛАШАҚ ТУРИЗМ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ИММЕРСИВТІ ЖӘНЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТІЛДІК ДАЯРЛАУДЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ
Кілт сөздер:
иммерсивті оқыту; геймификация; туризм білімі; кәсіби шет тілі құзыреттілігі; виртуалды шындық; цифрлық педагогика; мәдениетаралық коммуникацияАңдатпа
Бұл зерттеудің мақсаты – болашақ туризм мамандарының кәсіби шет тілі құзыреттілігін дамытуға бағытталған иммерсивті технологиялар, геймификация элементтері және цифрлық оқу стратегияларын біріктіретін интеграциялық модельді әзірлеу және оның тиімділігін эмпирикалық тұрғыдан негіздеу. Зерттеу квази-эксперименттік әдіс арқылы жүргізіліп, оған туризм мамандығы бойынша білім алатын 45 студент қатысты. Студенттер бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Эксперименттік топ VR негізіндегі иммерсивті симуляциялар мен геймификацияланған сценарийлерді қамтитын цифрлық оқу ортасында оқытылды, ал бақылау тобы дәстүрлі әдістер бойынша білім алды.
Сандық деректер IBM SPSS Statistics бағдарламасында өңделді. Айнымалылардың бір бөлігінде нормалдылықтың бұзылуына байланысты топтар арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін Манн–Уитни U критерийі қолданылды. Нәтижелер эксперименттік топтың посттест көрсеткіштері бойынша статистикалық тұрғыдан мәнді өсім көрсеткенін дәлелдеді (U = 128.5, p = 0.003), әсер көлемі орташа мен жоғары деңгей аралығында (r ≈ 0.48). Приростты талдау эксперименттік топтағы өсім (+11.42) бақылау тобымен салыстырғанда (+2.46) төрт еседен артық болғанын көрсетті. Құралдардың сенімділігі кәсіби құзыреттілік тестінің ішкі келісімділігі (Cronbach’s α = 0.81) және ауызша сөйлеуді бағалаудағы сарапшылар арасындағы келісімнің жоғары деңгейімен (Cohen’s κ = 0.76) расталды. Сапалық талдау нәтижелері студенттердің кәсіби сенімділігінің артқанын, коммуникативтік мазасыздықтың төмендегенін және оқу үдерісіне эмоционалдық тұрғыдан белсенді қатысуының күшейгенін көрсетті.
Зерттеу нәтижелері иммерсивті симуляция мен құрылымдалған геймификацияның үйлесімі танымдық, мінез-құлықтық және кәсіби даму көрсеткіштеріне кешенді әсер ететінін дәлелдейді. Ұсынылған интеграциялық модель туризм саласындағы тілдік білім беруді жаңғыртуға арналған масштабталатын және практикалық тұрғыдан маңызды шешім болып табылады, әсіресе халықаралық тәжірибе мүмкіндігі шектеулі өңірлер үшін өзекті.