МЕГАПОЛИС ЦИФРЛЫҚ ОРТАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ: МҮМКІНДІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР

Авторлар

  • Э. НАРБАЕВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • А. МУКАНОВ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • С. ГЮНАЙ Анадолу университеті

Кілт сөздер:

цифрлық орта, туристік-экскурсиялық қызмет, мегаполис, қалалық туризм, туристік сервис, экскурсиялық маршруттар

Аңдатпа

Қазіргі таңда цифрлық технологияларды пайдалану мегаполистердің дамуының ажырамас бөлігіне айналды. Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей, мегаполистің цифрлық ортаны қалыптастырудағы белсенділігі қаланың бәсекеге қабілеттігінің арттыру және туристер үшін оның тартымдылығын күшейтуімен тығыз байланысты.

Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі жағдайдағы қазақстандық қалаларда цифрлық ортаның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігімен және туристік-экскурсиялық қызметтің жаңа стратегиялық мүмкіндіктерін айқындайтын факторларды анықтауымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, зерттеу барысында авторлар отандық мегаполистердегі қалалық ортаның туристік имиджін қалыптастыруға кері әсер ететін цифрлық  ортаның дамуының кейбір қырларына көңіл бөлді.

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан қалалары, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент мысалында цифрлық ортаның туризм саласына әсерін талдау. Зерттеу әдістері ретінде феноменологиялық тәсіл, талдау, синтез және ресми деректер мен аналитикалық жарияланымдарға негізделген эксперименттік зерттеулер қолданылды. Зерттеу барысында алыңған нәтижелер көрсеткендей, цифрлық технологиялар туристік қызмет көрсетудің тиімділігін айтарлықтай арттырып, ақпараттың қолжетімділігін және жекелендірілуін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл үдеріс қалалық кеңістіктердің бірегейлігін сақтау мен туристік маршруттардың шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін тепе-теңдік сақтауды талап етеді.

Жарияланды

2026-03-30