ИМАНТАУ-ШАЛҚАР КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК БРЕНДІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кілт сөздер:
туристік өнім, туристік әлеует, бренд, тұтынушылардың қалауы, өңір, дестинация.Аңдатпа
Мақалада қазіргі таңдағы туристік қызметті тұтынушылардың қалауы мен талғамын зерттей отырып, туристік өңірлік брендті құруға әсер етуші факторлар қарастырылды. Қазақстандағы туристік дестинацияны және өңірді дамыту, туристік қызметті тұтынушылардың қалауын зерттеуден және брендингтен тұрады. Зерттелген аймақтағы туристік қызметті тұтынушылардың қалауы мен талғамын зерттеу барысында SWOT талдау жүргізілді, талдау нәтижесінде Имантау-Шалқар курорттық аймағының мықты және әлсіз жақтары анықталса, сонымен қатар туристік стратегиялық бағыттарын қалай құруға болатындығын және оны іске асыру жолдарын білуге мүмкіндік туды және өңірдің туристік бренді болып табылатын атрибуттар анықталды. Зерттеу мақсаты Имантау-Шалқар курорттық аймағының туристік брендін қалыптастыру жолдарын ұсыну. Қазіргі бәсекелестер нарығында өз аймағының туристік тартымдылығын алға жылжыта отырып, өңірлік туристік брендті құру арқылы ішкі және халықаралық нарықта туристер ағымын арттыруға болатынын көрсету, сонымен қатар өңірге инвестиция көзін тартудың бірден бір жолы екенін түсіндіру. Зерттеу нәтижесінде Имантау-Шалқар курорттық аймағының туристтік басым бағыттарынның артықшылықтары анықтала отырып, әлеуетті туристерді тартуға, сонымен қатар халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, өңірдің оң имиджін қалыптастыруға және нарықта жылжытуға арналған бірқатар маркетингтік іс-шаралар ұсынылды.