ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ: ВЬЕТНАМ, ТҮРКИЯ, МАЛАЙЗИЯ ЖӘНЕ ИСПАНИЯ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ
Кілт сөздер:
туризм, халықаралық тәжірибе, салыстырмалы талдау, инфрақұрылым, маркетинг, Қазақстан, туризмді дамытуАңдатпа
Бұл мақалада Вьетнам, Түркия, Малайзия және Испания мемлекеттерінің туризм саласындағы озық тәжірибелері жан-жақты сараланып, олардың негізгі даму факторлары мен стратегиялары Қазақстан жағдайымен салыстырылады. Зерттеу барысында әр елдің туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаты, инфрақұрылымдық шешімдері, маркетингтік стратегиялары және туристік өнімді әртараптандыру тәсілдері талданады. Сонымен қатар, Қазақстанның туризм саласындағы қазіргі ахуалы сипатталып, құрылымдық кемшіліктері мен даму әлеуеті бағаланады. Мақалада халықаралық benchmarking әдісі арқылы табысты елдердің үлгілері негізінде Қазақстанға бейімделетін нақты ұсыныстар жасалады. Бұл ұсыныстар туризмді ұлттық экономиканың стратегиялық секторына айналдыру мақсатында институционалдық, инфрақұрылымдық және кадрлық өзгерістерді қамтиды. Мақаланың практикалық маңыздылығы – халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда тұрақты әрі бәсекеге қабілетті туризм моделін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар беруінде.