ТҮРКИЯ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
Кілт сөздер:
экотуризм, туризм индустриясы, экономика, бизнес, рекреациялық әлеует, табиғи аймақтар, кемпингАңдатпа
Соңғы онжылдықта экотуризм танымал бағытқа айналуда және елдің тұрақты дамуының кепілі ретінде сипатталады. Экологиялық туризм туристік индустрияның алдыңғы қатарлы бағыты ретінде туристік қызметтерді аймақтық ұйымдастыруға, жаңа туристік аймақтардың қалыптасуына және олардың мамандануына әсер ететін айқын ресурстық бағыт. Экологиялық туризм Қазақстан Республикасындағы туризмнің неғұрлым басым бағыттарының біріне айналуға тиіс. Ол үшін мемлекетте қажетті факторлар бар. Мақалада туризм саласын дамыту бойынша Түркия елінің тәжірибесін зерттеп, басым бағыттары мен осал тұстарына талдаулар жасалынды. Экотуризмді дамытудың қуатты рекреациялық факторы ретінде Туркия елінің озық тәжірибесін Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктері қарастырылып, озық тәжірибелері мен жетістіктеріне талдау жасалынды. Зерттеу барысында Қазақстандағы курортты аймақтардың орналастыру көрсеткішіне шолу жасалынып, ең тартымды жерлерге туристердің келу динамикасы анықталды. Қазақстанда экотуризмді дамытудың басым бағыттарын негізге ала отырып, туристік қызметті экологияландырудың тәсілдері қарастырылды. Мақалада сонымен қатар, Түрік мемлекетінің экологиялық туризмді дамыту тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту үшін нақты шараларды іске асыру ұсынылады. Сонымен қатар, туристік орталықтарға қажетті кадрлық саясатын жүргізу маңыздылығы қатастырылды. Туризмді дамытудағы түрік тәжірибесіне тән қасиет елдің туристік орталықтарын жарнамалау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу болып табылатыны анықталды.