ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНЕ ӘСЕРІ
Кілт сөздер:
Туризмді дамыту, Аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсуі, ANOVA-тест, QQ-Plot, Инфрақұрылым, Экономика, Мәдени мұраАңдатпа
Бұл мақала туризм дамуының Түркістан қаласының әлеуметтік экономикалық әлеуетіне әсерін зерттеуге арналған. Соңғы жылдары аймақтағы туризм қаланың экономикалық тұрғыдан өсуіне, инфрақұрылымын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал ететін маңызды факторға айналуда. Зерттеудің жұмысының мақсаты - туризмнің экономикалық өзгерістер мен әлеуметтік прогрестің қозғаушы күші ретіндегі рөліне баса назар аудара отырып, Түркістан қаласының дамуына әсер ететін негізгі аспектілерін талдау болып табылады. Әдебиетке шолуды талдау әдістемесі ретінде «мазмұнды талдау» әдісі қолданылды, бұл әдісте 30-дан астам жарияланымдарды, соның ішінде ғылыми мақалаларды, туризм
туралы есептерді, зерттеулерді, сондай-ақ ашық көздерден алынған деректерді (интернет ресурстар, ресми жарияланымдар) қолданылды.
Зерттеуде «сандық талдау» әдісі қолданылды. Ол Түркістан қаласының халқы арасында сауалнама жүргізу арқылы алынған деректер негізінде статистикалық модель құрыла отырып, Туризм дамуының Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне әсерін талдауға бағытталды. Зерттеу барысында 250 респонденттен сұхбат алынды. Деректерді талдау үшін «сипаттамалық статистика» әдісі, ANOVA тесті, корреляциялық және регрессиялық талдаулар қолданылды. Деректерді өңдеу үшін JASP, RStudio biblioshiny сияқты заманауи бағдарламалық жасақтама қолданылды. Зерттеу нәтижелері Түркістанда туризмнің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуына қол жеткізу үшін туристік ағындардың өсуі кезінде мәдени және табиғи мұраны сақтауға бағытталған инновациялық тәсілдерді енгізу қажет екенін атап көрсетеді. Сонымен қатар туристік саланың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі жергілікті билік пен жеке сектордың үйлестірілген жұмысының маңыздылығына назар аударылды.