ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

Авторлар

  • М. ИДРЫШОВ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • А. АПЫШЕВА Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Қ. ШОЛПАНБАЕВА Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

Туризм; Шығыс Қазақстан облысы; экономикалық тиімділік; инфрақұрылым жүктемесі; туристке шаққандағы орташа табыс.

Аңдатпа

Мақалада 2022–2023 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан облысында туризм саласының тиімділік көрсеткіштері, соның ішінде бір туристке шаққандағы орташа табыс, инфрақұрылым жүктемесі және олардың өзара байланысы талданады. Аймақтардың туризмді дамытудағы экономикалық үлесі анықталды. Деректер негізінде облыстағы табыстылықты арттыру және туризмді дамыту бойынша ұсыныстар берілді.

Жарияланды

2024-12-30