ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ IT-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАР ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖАҢҒЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДАМУЫ

Авторлар

  • Ж. САДЫКОВ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • А. ДОШАН М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • А. АХЕЛОВА М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

ақылды қала, IT-инфрақұрылым, цифрлық жаңғырту, қызмет көрсету саласы, платформалық интеграция

Аңдатпа

Мақалада цифрлық жаңғыртудың жаңа кезеңі жағдайында қызмет көрсету саласындағы IT-инфрақұрылымды дамыту мен ақылды қалалар тұжырымдамасының теориялық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қалалық цифрлық экожүйені қалыптастыруға қатысты заманауи ғылыми тәсілдерді жүйелеу және IT-инфрақұрылымның сервистік ортаны трансформациялаудағы рөлін айқындау. Зерттеу ғылыми-теориялық сипатқа ие және 2019–2025 жылдардағы ғылыми жарияланымдарды жүйелі талдауға, Smart City негізгі ұғымдарына контент-талдау жүргізуге, тұжырымдамалық модельдерді салыстырмалы талдауға, сондай-ақ құрылымдық-функционалдық және жүйелік тәсілдерді қолдануға негізделген.

Зерттеу нәтижесінде Smart City тұжырымдамасының технологияға бағдарланған парадигмадан интеграциялық сервистік модельге эволюциясы анықталды. IT-инфрақұрылым тек техникалық және аналитикалық функцияларды атқарып қана қоймай, қалалық қызметтерді біріктіретін үйлестіруші механизм ретінде қызмет ететіні көрсетілді. Цифрлық жаңғыртудың үш деңгейлі моделі ұсынылды: технологиялық негіз, интеграциялық платформа және сервистік экожүйе. Қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі платформалық интеграция деңгейіне және инфрақұрылымдық жетілу дәрежесіне тікелей тәуелді екендігі дәлелденді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы – ақылды қаланың технологиялық архитектурасы мен қызмет көрсету саласының трансформациясы арасындағы өзара байланысты жүйелі түрде негіздеуде. Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін қалаларды цифрлық дамыту стратегияларын әзірлеуде және қалалық сервистік саясатты жетілдіруде қолдану мүмкіндігінде.

Жарияланды

2026-03-30