ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кілт сөздер:
Инклюзивті туризм, қонақ үй бизнесі, қолжетімділік, әлеуметтік жауапкершілік, инфрақұрылым, қызмет көрсету сапасы, халықаралық стандарттар, мүгедектігі бар адамдар, цифрлық сервистер, туризмді дамытуАңдатпа
Қазақстандағы қонақ үй бизнесінде инклюзивті қызмет көрсетуді жетілдіру – қазіргі қонақжайлылық индустриясының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі. Әлемдік туризм нарығында қолжетімді және инклюзивті орта қалыптастыруға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қарттар, балалармен саяхаттайтын отбасылар және әлеуметтік тұрғыдан осал топтар үшін қонақ үйлерде толыққанды, қауіпсіз әрі жайлы қызмет алуға жағдай жасау – халықаралық стандарттардың негізгі талабы. Қазақстанда бұл салада алғашқы қадамдар жасалғанымен, инклюзивті қызмет көрсетудің сапасын арттыру әлі де өзекті мәселе болып отыр.
Қонақ үй бизнесінде инклюзивтілікті дамыту үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет: инфрақұрылымдық қолжетімділікті қамтамасыз ету қызметкерлердің инклюзивті мәдениетін арттыру мақсатында кәсіби даярлықтан өткізу, ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық сервистер арқылы арнайы онлайн-қызметтерді дамыту. Сонымен қатар, инклюзивті туризмді дамыту қонақ үй бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, оның бәсекеге қабілеттілігін де күшейтеді.