ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ - ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • А. АХЕЛОВА М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Ж. САДЫКОВ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • А. ДОШАН М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, жоғары білім, мамандарды даярлау, қызмет саласы, адаптивті оқыту, генеративті жүйелер, цифрлық сауаттылық, интерактивті оқыту, оқытуды персоналдау

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында қызмет саласының мамандарын даярлау барысында жасанды интеллектті қолданатын қазіргі заманғы оқыту әдістері мен технологиялары қарастырылады. Соңғы жылдардағы отандық және шетелдік зерттеулер талданып, адаптивті платформалар, чат-боттар, генеративті ЖИ жүйелері және интеллектуалды ассистенттердің мүмкіндіктері бағаланады. Мұндай технологиялар оқытуды жеке қажеттіліктерге бейімдеп, интерактивті етуге, студенттердің мотивациясын арттыруға және цифрлық әрі кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, авторлар ЖИ енгізу кезінде педагогикалық қолдаудың, оқытушыларды дайындаудың және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Қорытындылар мен ұсыныстар заманауи, тиімді және студенттердің нақты қажеттіліктеріне бейімделген білім беру бағдарламаларын құруға ұмтылатын оқытушылар мен зерттеушілер үшін пайдалы болуы мүмкін.

Жарияланды

2025-12-30