ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Кілт сөздер:
Ерекше қажеттілігі бар жандар, қолжетімділік, кедергісіз туризм, әлеуметтік туризм, қызмет көрсету, әлеуметтік жауапкершілік.Аңдатпа
Қазіргі заманғы туризм әлемінде инклюзивтілік және барлығына қолжетімділік мәселелеріне баса назар аударылуда. Ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсете алатын туризм кадрларын даярлау өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мақалада инклюзивті тұтынушылар үшін туризмді дамытудың маңыздылығы талқыланады, және бұл арнайы саяхатшыларға қызмет көрсету үшін жоғары кәсіби дайындықпен мүмкін болады. Ерекше қажеттілігі бар жандардың туристік қызметке толық қатысуға құқығы бар және осы аудиторияға бейімделген қызметтерді ұсына алатын туризм мамандары үшін даму үстіндегі нарықты тудырады. Бұл мақалада ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған шектеулер түрлері мен олардың түрлері мен мүмкіндіктерін түсіндіру үшін олардың қажеттілікері ұсынылды. Ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсетудің шетелдік тәжірибесі және осы саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін әлемдік инновациялар мен тәжірибелер зерделенді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін туризм индустриясындакадрларды дайындау жолдарын әзірледік.