ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

Авторлар

  • М. ИДРЫШОВ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • А. АПЫШЕВА Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Қ. ШОЛПАНБАЕВА Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

Туризм; Шығыс Қазақстан облысы; экономикалық тиімділік; инфрақұрылым жүктемесі; туристке шаққандағы орташа табыс.

Аңдатпа

Мақалада 2022–2023 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының тиімділік көрсеткіштері жан-жақты талданады. Орташа бір туристен түсетін табыс, туристік инфрақұрылымның жүктемесі және олардың өзара байланысы қарастырылған. Туризм дамуына ең көп үлес қосатын өңірлер анықталып, олардың табысты дамуына әсер ететін факторлар көрсетіледі. Зерттеу нәтижелерінің негізінде туристік саланың рентабельділігін арттыру, инфрақұрылымдық жүктемені оңтайландыру және аймақтағы туристік ағынды тұрақты арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленген. Алынған қорытындылар мемлекеттік органдарға, кәсіпкерлерге және туризмді дамытуға мүдделі ғылыми қауымдастыққа пайдалы болуы мүмкін.

Жарияланды

2024-12-30