ТУРИСТІК ДЕСТИНАЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Кілт сөздер:
туризм, дестинация, туристік дестинация, туристік дестинация менеджменті, дестинацияны басқару, бәсекегеқабілеттілік, тұрақты туризм, туристік дестинациядағы маркетингАңдатпа
Қазіргі кезеңде туризм әлемнің көптеген елдерінде өмірдің экономикалық және мәдени салаларын дамытудың басым бағыттарының біріне айналды. Осы бағытта іс-әрекеттер Қазақстанда белсенді түрде жүріп жатыр, мұны стратегиялық және бағдарламалық-мақсатты жоспарлау құжаттарында көрсетілген негізгі даму факторларын анықтауды қарастырады. Зерттеу мақсаты: Туризмдегі туристік дестинация ретінде жылжыту үшін негізгі туризм субъектілерінің белсенді қатысуымен туристік дестинациянв дамыту үрдісін басқару бойынша әдістемелік тәсілдер мен практикалық ұсыныстарды әзірлеу. Туристік дестинацияны басқару негізі халықтың әл ауқаты мен өмір сүру сапасының жоғары деңгейіне жету үшін өңірдің туристік өнімін нарыққа шығару және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар туристік дестинацияны дамытуды басқару үрдісінде туындайтын ұйымдық-экономикалық қатынастар және аймақтардағы туристік-рекреациялық әлеуетін іске асыру және туристік өнімді жылжыту тетіктері болып табылады. Мақалада туристік дестинацияларды басқару жүйесін бағалау тетіктері қарастырылады.