ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

  • Д. О. АТАШЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

медициналық туризм, туристер, шипажайлар, санаторлық -курорттық мекемелер, курорттық сектор

Аңдатпа

Адамдардың денсаулық сақтау қызметтерінен пайдалану үшін басқа жерге жасайтын саяхаттарының барлығы медициналық туризм ретінде сипатталады. Бүгінгі күні медицина туризміне сұраныс жоғары. Дүниежүзілік туристік ұйымның 2020 жылғы мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы туристік қызметке қатысатын адамдардың саны 1,5 млрд жеткен. Бұл сапарлардың 27 пайызын туыстарға бағытталған туризм, діни туризм және медициналық туризм құрайды. Дүние жүзі бойынша 500 миллиард доллардан асып жығылатын медициналық туризм әлемнің кең аймағына таралған, ең жоғары өсу мен даму қарқынына ие және барлық елдердің назарындағы және тартымды туризм саласы болып табылады. Осы тұрғыдан медициналық туризмнің нарығы күннен-күнге кеңейіп, инвесторлардың қызығушылығын тудырып, әлемдік экономиканы бағыттайтын әсері бар маңызды секторға айналып отырғаны байқалады. Туризмнің осы заманауи түрлерінің бірі – медициналық туризм, ол әлемнің әр түрлі дамыған елдерінде халықаралық туризм саласында барған сайын танымал бола бастады. Мақалада медициналық туризмнің әлемдік деңгейде соның ішінде Қазақстанда, атап айтқанда Жамбыл облысында медициналық туризмнің даму жағдайы мен болашағы мәселелері зерттелген, аймақ экономикасына қосатын үлесі, және де оны дамыту жолдары қарастырылған.

Жарияланды

2023-09-29