ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА МАРКЕТИНГІНІҢ ҚОНАҚҮЙ БРЕНДІ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Ж. ИСАХОВА М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • А. МАНАП Алматы Менеджмент Университеті
  • Д. САБИРОВ Алматы Менеджмент Университеті
  • Ж. СҰЛТАНХАН Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

әлеуметтік медиа маркетингі, қонақүй индустриясы, бренд тартымдылығы, бренд имиджі, цифрлық маркетинг, әлеуметтік желілер, электрондық ауызша пікірлер (eWOM), контент сапасы, тұтынушылардың белсенділігі

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік медиа маркетингінің қонақүй брендінің тартымдылығына әсері теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеледі. Зерттеу барысында әлеуметтік медиа маркетингінің негізгі элементтері – контент сапасы, визуалды тартымдылық, ақпараттың өзектілігі, электрондық ауызша пікірлер (eWOM) және аудиториямен өзара әрекеттесу деңгейінің қонақүй брендінің тартымдылығына ықпалы бағаланды. Зерттеу сандық әдіске негізделіп, Google Forms платформасы арқылы жүргізілген онлайн сауалнамаға қонақүй қызметтерін пайдаланған 250 респондент қатысты. Алынған деректер IBM SPSS Statistics бағдарламасында өңделіп, сауалнаманың сенімділігі Cronbach's Alpha коэффициенті арқылы, ал айнымалылар арасындағы байланыс корреляциялық және көптік сызықтық регрессиялық талдау арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік медиа маркетингінің барлық қарастырылған факторларының қонақүй брендінің тартымдылығына статистикалық тұрғыдан маңызды оң әсер ететінін көрсетті. Әсіресе контент сапасы, визуалды мазмұн және электрондық ауызша пікірлер брендтің тартымдылығын қалыптастырудағы ең ықпалды факторлар ретінде анықталды. Зерттеу нәтижелері қонақүй кәсіпорындарының цифрлық маркетингтік стратегияларын жетілдіруге және әлеуметтік желілердегі брендтік коммуникацияның тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеуге негіз болады.

Жарияланды

2026-06-30