МИФОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

Авторлар

  • Р. БАЙБУРИЕВ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Г. АЛИПБАЕВА Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
  • Г. АСКАРОВА Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Г. КУБЕСОВА Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Кілт сөздер:

мифологиялық туризм, ішкі туризм, мәдени мұра, материалдық емес мәдени мұра, туристік ресурстар, мифология, мәдени туризм, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы мифологиялық мұраның ішкі туризмді дамытудағы рөлі қарастырылды. Қазіргі таңда туристік өнімдерді әртараптандыру және материалдық емес мәдени мұраны тиімді пайдалану туристік саланың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты мифологиялық туризмнің туристік әлеуетін ғылыми тұрғыдан бағалау өзекті мәселе ретінде айқындалды. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы мифологиялық туристік ресурстардың әлеуетін анықтап, оларды ішкі туризмді дамыту құралы ретінде бағалау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, контент-талдау, салыстырмалы талдау және SWOT-талдау әдістері қолданылды. Контент-талдау нәтижесінде Қазақстандағы мифологиялық мазмұны айқын сегіз туристік нысан анықталып, олардың туристік әлеуеті авторлық бағалау матрицасы негізінде салыстырмалы түрде бағаланды. Зерттеу нәтижелері мифологиялық мұраның ішкі туризмді дамытуға, туристік өнімдерді әртараптандыруға, өңірлік туристік брендтерді қалыптастыруға және ұлттық мәдени мұраны насихаттауға мүмкіндік беретін маңызды ресурс екенін көрсетті. Сонымен қатар инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, арнайы мифологиялық маршруттардың аздығы және маркетингтік ілгерілетудің әлсіздігі негізгі проблемалар ретінде анықталды. Зерттеу нәтижелері негізінде мифологиялық туризмді дамытуға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірленді. Ұсынылған тәсілдер Қазақстандағы ішкі туризмнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және мәдени мұраны туристік индустриямен тиімді ықпалдастыруға ықпал етеді.

Жарияланды

2026-06-30