ҚАРАҢҒЫ ТУРИЗМ: ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • А. ВЕЛИЧКО Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

қараңғы туризм, жіктеу, объектілік-оқиғалық тәсіл, шекаралық формалар

Аңдатпа

Бұл мақала өлім, трагедиялық тарихи оқиғалар, зорлық-зомбылық, азап шегу және ұжымдық жады феномендерімен байланысты әртүрлі туристік тәжірибелерді біріктіретін кешенді әрі көпқырлы туристік құбылыс ретінде «қараңғы» туризмді жіктеу мәселесіне арналған. Зерттеудің өзектілігі «қараңғы» туризм нысандары мен түрлерін жүйелеуге қатысты бірыңғай көзқарастың болмауымен, сондай-ақ қазіргі ғылыми әдебиеттерде бұл ұғымды кеңейтілген түрде түсіндіру үрдісінің басым болуымен байланысты, бұл теориялық талдау мен жіктеулерді практикалық қолдануды қиындатады.

Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғылыми дереккөздерге талдау жүргізіліп, «қараңғы» туризмді түсіндіру мен типологиялауға қатысты негізгі тұжырымдамалық тәсілдер, олардың артықшылықтары мен әдіснамалық шектеулері айқындалды, сондай-ақ классикалық, шекаралық және шекті формалардың араласу мәселесі анықталды.

Зерттеу нәтижесінде туристік тәжірибелердің институционалдану және коммерциялану деңгейін ескере отырып, объектілік-оқиғалық тәсілге негізделген «қараңғы» туризмнің авторлық жіктемесі ұсынылды. Мұндай тәсіл «қараңғы» туризмнің материалдық объектілерін де, олардың символдық және туристік маңызын қалыптастыратын трагедиялық оқиғаларды да қатар ескеруге мүмкіндік береді.

Мақалада «қараңғы» туризм мен онымен сабақтас бағыттарды ажырату ғылыми тұрғыдан негізделіп, негізгі жіктеме өзегіне сәйкес келмейтін шекті және дискуссиялық формаларды алып тастауға мүмкіндік берді. Ұсынылған жіктеме ғылыми зерттеулерде, туристік тәжірибеде және білім беру қызметінде қолданылуы мүмкін.

Жарияланды

2026-06-29