ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ТӘСІЛ: БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
туристік білім беру, кадрларды даярлау, пәнаралық тәсіл, білім беру бағдарламалары, кәсіби құзыреттіліктер, кәсіби стандарттарАңдатпа
Мақалада еңбек нарығының цифрлануы мен трансформациясы жағдайында туризм индустриясы үшін кадрлар даярлаудың заманауи үрдістері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі пәнаралық тәсіл, кәсіби стандарттар талаптары және Қазақстан Республикасының жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы негізінде туристік бағыттағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажеттілігімен айқындалады. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы туристік кадрларды даярлау жүйесінде пәнаралық ықпалдастық, цифрландыру және тәжірибеге бағдарланған тәсіл жетекші орын алады. Зерттеу нәтижелері білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект технологиялары, Big Data, цифрлық маркетинг, ESG-тәсілдер, тұрақты даму және кәсіпкерлік бағытындағы пәндердің белсенді енгізіліп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар туризмтану, туризм географиясы, туризм экономикасы, менеджмент, сервис психологиясы және басқа да базалық пәндерді сақтап, олардың мазмұнын жаңғыртудың маңыздылығы атап өтіледі. Мақала Қазақстан Республикасындағы туристік білім берудің қазіргі жай-күйін сипаттап қана қоймай, оның болашақ даму бағыттарын да айқындайды. Туризм саласындағы пәнаралық тәсілді заңнамалық деңгейде бекіту туристік индустрияны дамытудың маңызды алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады.