ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ: ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • С. ЫДЫРЫС Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. РИЗАХОДЖАЕВ Орталық Азия инновациялық университеті
  • Н. БАТЫРОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. КАСЫМОВА Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілт сөздер:

инвестициялық тартымдылық, туризм, өңір, инфрақұрылым, факторлар, туристер, статистикалық талдау

Аңдатпа

Бұл мақалада өңірлік деңгейде туризм саласының инвестициялық тартымдылығына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі туристік әлеуеті жоғары, бірақ толық іске асырылмаған өңірлерде инвестиция тартуға ықпал ететін жағдайларды тереңірек түсіну қажеттілігімен байланысты.

Зерттеудің мақсаты – өңірлік ерекшеліктер мен туристердің қабылдауын ескере отырып, туризм саласының инвестициялық тартымдылығын айқындайтын негізгі факторларды анықтау және бағалау. Зерттеу барысында сандық әдіс қолданылды: туристер арасында сауалнама жүргізілді (N = 100), ал алынған деректер IBM SPSS Statistics бағдарламасының көмегімен сипаттамалық статистика, сенімділік талдауы, салыстырмалы және корреляциялық талдау әдістері арқылы өңделді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, инвестициялық тартымдылықты қабылдауға ең үлкен әсерді инфрақұрылымдық факторлар тигізеді, ал инновациялық факторлардың ықпалы салыстырмалы түрде төмен. Әлеуметтік-мәдени және экономикалық факторлар да маңызды рөл атқарады, алайда олардың әсері инфрақұрылыммен салыстырғанда төмен. Сонымен қатар, инфрақұрылым деңгейі мен өңірдің жалпы тартымдылығы арасында статистикалық тұрғыдан мәнді оң байланыс анықталды (r = 0,62; p < 0,001).

Алынған нәтижелер инвестициялық тартымдылық факторларының иерархиялық құрылымы қалыптасатынын көрсетеді, мұнда базалық жағдайлар шешуші рөл атқарады. Зерттеудің практикалық маңызы оның нәтижелерін өңірлік инвестициялық саясатты әзірлеуде және туризм саласын дамыту стратегияларын қалыптастыруда қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Жарияланды

2026-03-30