SENIOR TOURISM НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Авторлар

  • Н. ЖОЛМАНОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • М. АБДИКАРИМОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Д. АЛИМБЕКОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. АМАНҒАЗЫЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

senior tourism, егде жастағы туристер, туристік нарық, демографиялық қартаю, туристік сұраныс, қонақжайлылық индустриясы

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада senior tourism  нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары жан-жақты талданады. Қазіргі кезеңдегі жаһандық демографиялық өзгерістер, әсіресе халықтың қартаю үдерісінің жеделдеуі  үшін жас  туристер сегментінің туристік индустриядағы рөлін айқындап отыр.  Осыған байланысты егде жастағы туризм  бағыты туризмнің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды және перспективалы сегменттерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - senior tourism   нарығының қалыптасу  ерекшеліктерін, даму бағыттарын және тұтынушылық сұранысының құрылымын анықтау. Зерттеу барысында егде жастағы туристердің саяхат мотивациясы, туристік мінез-құлқы, қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптары мен туристік өнімді таңдау ерекшеліктерін зерттелді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы  senior tourism   ұғымының теориялық негіздерін жүйелеу және нарықтың  дамуына  әсер ететін негізгі  факторларды айқындау арқылы көрініс табады. Ал практикалық маңыздылығы  туристік ұйымдар мен қонақжайлылық индустриясы субъектілеріне арналған егде жастағы туристерге бейімделген туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлеуге арналған ұсыныстарымен  сипатталады. Зерттеу әдіснамасы ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы талдау, статистикалық деректерді өңдеу және жүйелік тәсілге негізделген. Зерттеу нәтижелері senior tourism   нарығының тұрақты даму әлеуеті жоғары екенін, сондай-ақ сауықтыру, мәдени-танымдық және рекреациялық туризм түрлеріне сұраныстың артып келетінін көрсетті. Зерттеу қорытындылары туризм саласын стратегиялық жоспарлау үдерісінде және туристік қызметерді әртараптандыруда практикалық маңызға ие.

Жарияланды

2026-03-30