WALKABILITY INDEX ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ҚАТОН-ҚАРАҒАЙ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ТУРИСТІК КЕҢІСТІГІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • А. БАЙЗАКОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • А. ДЕВАДЗЕ Ш. Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті
  • У. ТАГМАНОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ПАРИДИНОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

Қатон-Қарағай ұлттық паркі, walkability index, далалық зерттеу, сараптамалық бағалау, туристік кеңістік, туристік маршруттар

Аңдатпа

Бұл мақалада Қатон-Қарағай ұлттық паркінің туристік-рекреациялық территориясының жаяу қолжетімділік индексі (Walkability index) арқылы бағалау қарастырылады. Зерттеудің мақсаты ұлттық парктің туристік кеңістігіндегі маршруттардың байланыстылығын, қауіпсіздігін және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу дәрежесін анықтау болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұлттық парк аумағындағы туристік маршруттарды жетілдіру, қауіпсіздік және инфрақұрылымдық шешімдерді жоспарлауда нақты деректер беруінде. Авторлар 2025 жылдың жаз айларында жүргізілген далалық зерттеу материалдары негізінде жаяу қолжетімділік индексін бейімдеді. Әдіснама далалық бақылау, сараптамалық бағалау және геодеңгейлік деректерді өңдеу негізінде құрылды. Бағалау барысы бес критерий бойынша (маршруттардың байланыстылығы, навигация, қауіпсіздік, инфрақұрылым, эстетикалық тартымдылық) жүргізілді. Аталған әр критерий сараптамалық баллдық шкала бойынша есептеліп интегралды индекс формуласымен анықталды. Нәтижесінде Рахман қайнары ең жоғары көрсеткіштерге ие болса, Язевое көлі төмен деңгейдегі жаяу қолжетімділік анықталды. Бұл ұлттық парктегі туристік кеңістіктің біркелкі дамымағанын дәлелдейді. Зерттеу құндылығы – жаяу қолжетімділік индексін (WI) қолдану арқылы кез-келген туристік дестинацияларда жаяу туристердің қозғалысын талдаудың жаңа құралы ретінде ұсыну. Алынған нәтижелер болашақта туризм саласындағы жергілікті басқару органдарына туристік ағымдарды оңтайландаруда шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2026-03-30