ТУРИЗМ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ИММЕРСИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Кілт сөздер:
иммерсивті технологиялар, туризм мамандары, виртуалды шындық, кеңейтілген шындық, VR, ARАңдатпа
Бұл зерттеу туризм мамандарын даярлауда иммерсивті технологиялардың (VR, AR, MR) тиімділігін бағалауға бағытталған. Зерттеу Халықаралық Туризм және Меймандостық Университетінде 45 студент қатысуымен жүргізілді. Сандық әдіс ретінде студенттердің когнитивтік қабілеттерін, практикалық машықтарын және технологияларды қолдану тәжірибесін бағалау үшін Google Forms арқылы 5 балдық Ликерт шкаласы қолданылды. Сапалық әдістерге студенттердің практикалық әрекеттерін бақылау және әдеби талдау кірді, олар технологияларды қолданудағы қиындықтар мен халықаралық стандарттарға сәйкестікті зерттеді. Нәтижелер иммерсивті технологиялардың практикалық дағдыларды, когнитивтік қабілеттерді және шығармашылық ойлауды дамытуға оң әсерін көрсетсе, кейбір техникалық және психологиялық қиындықтар да анықталды.