ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ТЕМІРЖОЛ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • С. АЛЬДЕШОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. КАЖМУХАМЕТОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Д. МАМЫРБЕКОВА С.Аманжолов атындағы Шығыс- Қазақстан университеті
  • Г. АХМЕТОВА Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Кілт сөздер:

теміржол тасымалы, туризм инфрақұрылымы, есеп жүйесі, цифрлық логистика, SPSS, халықаралық тәжірибе, корреляциялық талдау

Аңдатпа

Бұл мақалада теміржол жүк тасымалын есепке алу жүйесін туризм инфрақұрылымымен үйлестірудің өзектілігі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты –
теміржол логистикасы мен туризм саласы арасындағы байланыстарды анықтап, есеп жүргізу жүйесін жақсартуға арналған нақты ұсыныстар ұсыну.
Зерттеу аясында Қазақстандағы теміржол бағыттары мен туризм инфрақұрылымының шоғырланған аймақтары салыстырылып, олардың арасында логистикалық байланыс бары дәлелденді. SPSS бағдарламасында жүргізілген талдау нәтижесінде жүк тасымалы көлемі мен туризм даму деңгейі арасында жоғары оң корреляция байқалды (r = 0.98, p < 0.01).
Қолданыстағы есеп жүйесінің қазіргі жай-күйі құжаттық және сапалық деректер негізінде сипатталды. Сарапшылармен сұхбаттар арқылы есеп жүйесінің кемшіліктері мен даму бағыттары нақтыланды. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибелерге шолу жасалып, цифрлық шешімдердің артықшылықтары мен оларды бейімдеу мүмкіндіктері қарастырылды.
Нәтижесінде, есеп жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, олардың тиімділігі SWOT-талдау мен сценарийлік модельдеу арқылы бағаланды.

Жарияланды

2025-06-30