АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Кілт сөздер:
туризм, рекреация, танымдық туризм, мәдени туризм, өңірлік туризм, табиғи-ресурстық әлеуеті, туристік әлеуетАңдатпа
Мақалада Абай облысының туристік мүмкіндіктері мен туристік әлеуетін анықтау және пайдалану жолдары, оларды жетілдіру туралы зерттеулер қарастырылады. Туризм индустриясы тарихи-мәдени ресурстарды пайдалану негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын ел экономикасының бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмді реформалау және туристік бизнесті дамыту стратегиясы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Туризмнің тұрақты және әлеуметтік дамуы проблемасы Қазақстан Республикасының бүкіл тарихи дамуында өзекті болпы келеді. Туризмді дамыту аймақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді: кәсіпкерлікті дамыту, табыс табу, жұмыс орындары, сол арқылы кедейшілікті азайту. Абай өңірінің географиялық орналасуы, ерекшеліктері мен дамуының талдауы, туристік факторлары мен өңірдің бәсекелестік артықшылықтары берілген. Мақалада Абай облысындағы туризмнің негізгі түрлері қарастырылған, сонымен қатар осы аймақтағы туризмнің дамуының негізгі көрсеткіштері мен қазіргі жағдайына талдау жасалған. Абай облысының туристік әлеуетінің, Pest-талдау, SWOT-анализі зерттеулері жасалды: туризмнің мықты және әлсіз жақтары, сонымен қатар ауданның мүмкіншіліктері мен қауіптері көрсетілді. Кіру және шығу туризмінің дамуына кедергі болған факторлар және Абай облысында туризмнің дамуына жағымды әсер ететін факторлар анықталды. Мақалада Абай облысындағы туризмнің негізгі түрі тарихи мәдени туризмнің даму болашағы мен мүмкіндіктері қарастырылып, негізгі тарихи-мәдени ресурстарға талдау жасалған. Сонымен қатар осы аймақтағы туризмнің дамуының негізгі көрсеткіштері мен қазіргі жағдайына талдау ұсынылады.