МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖҮРГІЗУДЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Мемлекеттік аудит, жемқорлықты азайту, аудитті жетілдіру, функцияларды оңтайландыруАңдатпа
Мақалада Қазақстанның мемлекеттік аудит жүйесіндегі қайталану
функцияларының мәселесі көтерілген. Сонымен қатар аталған мәселенің басқа тағы
қандай тәуекелдерді туғызуы мүмкін екендігі көрсетілді.
Осы орайда, аталған мәселенің өзектілігін анықтау барысында талдамалық
зерттеу жүргізілді, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалды.
Аудит жүйесіндегі мемлекеттік аудит органдарының функционалдық міндеттемелері
мен уәкілеттіліктеріне талдау жүргізіліп, практикалық мысалдар келтірілді.
Мемлекеттік аудит саласының өзге елдердегі жағдайы туралы салыстырмалы талдау
жүргізілді.
Талдау нәтижесі мемлекеттік аудит жүйесінде қайталану функциялары
мәселесінің бар екенін көрсетті. Аталған мәселенің мемлекеттік аудит жүйесінің
кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, оның әрі жетілдірілуіне кері әсерін тигізеді.
Бұл ретте жүргізілген талдамалық зерттеу қортындысы бойынша өз тарапымнан
бірқатар ұсыныстар ұсынылды. Өз кезегінде ұсынылған ұсыныстар саладағы толассыз
тексерулерді жойып, қайталану функцияларын оңтайландырады деп сенемін. Сонымен
қатар мемлекеттік аудит жүйесіндегі кемшіліктердің орнын толтырып, еліміздің
мемлекеттік басқару жүйесіндегі жетілдірілген тұрақты институт болып
қалыптасуына өз септігін тигізуі тиіс.