«Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality»

2025-09-22

Құрметті авторлар!

Журнал редакциясы 2026 жылғы № 3 (13) санына жариялауға қабылданған мақалалардың журналдың ресми сайтында 2026 жылғы 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында орналастырылатынын хабарлайды.

Осы шығарылымдағы барлық мақалалардың DOI идентификаторлары 2026 жылғы 10 қазанда белсендіріледі.

Авторлардан мақалалары сайтқа орналастырылғаннан кейін 2026 жылғы 10 қазанға дейін жарияланымның соңғы нұсқасымен мұқият танысып, ондағы барлық мәліметтердің дұрыстығын тексерулеріңізді сұраймыз. Атап айтқанда, авторлар туралы мәліметтерді, аффилиацияны, аңдатпаны, түйін сөздерді, библиографиялық сілтемелерді және мақаланың негізгі мәтінін мұқият тексеру қажет.

Қате немесе сәйкессіздік анықталған жағдайда, бұл туралы редакцияға дер кезінде хабарлауларыңызды сұраймыз.

DOI белсендірілгеннен кейін жарияланған материалдарға өзгерістер енгізу мүмкін болмайтынына назар аударамыз.

Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Журнал редакциясы