Журнал туралы
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің "Bulletin оf the International University оf Tourism And Hospitality" журналы туризм, қонақ үй бизнесі, экономика, кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит бағытындағы өзекті мәселелерді жариялайды.
Мерзімдік басылымды және ақпараттық агенттікті есепке қою куәлігінің №13403-Ж 22.02.2013 ж.
Мерзімді басылымдардың халықаралық стандартты нөмірі ISSN-p 3007-083X, ISSN-e 3007-0848.
Журнал 2023 жылдан бері жарияланып келеді. Басылым жиілігі – жылына 4 рет.
Құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлiгi, Халықаралық Туризм және Меймандостық университеті - 2019 жылы құрылған және Қазақстандағы туризм бағыты бойынша жетекші университеттердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен және облыстық әкімдіктің қолдауымен Түркістан қаласында «Халықаралық Туризм және Меймандостық университеті» ҚеАҚ ашылған болатын. Университеттің басты мақсаттарының бірі туризм саласындағы халықаралық дәрежедегі мамандарды даярлау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жазылу индексі – 74671.
«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық базасында индекстеледі.
Журнал мақалалары DOI номерлерін алу арқылы CrossRef мәліметтер базасында тіркеледі