АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ СОЦИО ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кілт сөздер:
Әлеуметтік лингвистика, құзыреттілік, коммуникация, тіл үйрену, әртүрлі мәдениеттердің өкілдеріАңдатпа
Тіл мен қоғам бір-бірінен ажырамайды. Кез-келген қоғамның бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін өзіндік тілі бар. Тіл мен адамзат қоғамы арасындағы байланыс тығыз болып келеді. Сондықтан тілдік зерттеулерде адамзат қоғамымен және әлеуметтік мәдениетпен байланысты болуы керек. Аталмыш мақалада біз тілді қоғам тұрғысынан қарастырамыз. Осы зерттеу ағылшын тілі сабақтарында қазақстандық студенттердің әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Зерттеу 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Қазақстанның Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің студенттерімен бірлесіп жүргізілді. Студенттер курсты бастамас бұрын қабылдау тестінен өтеді және "социолингвистикалық тәсілдер" оқу бағдарламасы студенттердің тілдік деңгейіне, жасына, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, оқу стильдері мен оқу қалауына сәйкес әзірленеді. Сабақтар нәтижелі дағдыларды қалыптастыру арқылы ағылшын тілін жақсы меңгеру үшін қазақстандық студенттердің әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.