ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КИЕЛІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • Б. Ұ. СЫЗДЫҚБАЕВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • А. Т. ЗӘРУБЕК Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Кілт сөздер:

киелі туризм, туристтік тартымдылық, туристтік-рекреациялық орын, жылжыту.

Аңдатпа

Мақалада еліміздің оңтүстік өңіріндегі Жамбыл облысындағы киелі туризмнің қазіргі жағдайы мен оның даму мүмкіндіктері қарастырылды. Басты мақсат аймақтағы киелі туризмнің дамуына оң және теріс әсер ететін факторларды анықтай отырып, оның туристтер арасында сұраныс пен тартымдылығын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы киелі туристтік-рекреациялық орындарға сипаттама беріледі. Зерттеу объектісіндегі мәдени мұра ескерткіштері, тарихи құндылығы бар жерлер, діни орындар мен кесенелер және киелі саналатын басқа да географиялық жерлердің көп шоғырлануы, оларға қажылық мақсатында туристтердің келуі аталған облыстағы киелі туризмнің дамуына біршама әсер ететіні анықталды. Яғни, Жамбыл облысындағы киелі туризмнің дамып, әсерлі жылжытылуы аймақтағы әлеуметтік- экономикалық мәселелердің шешімін табуға ерекше үлес қосатыны анықталды. Киелі туризмнің жеке бағыт ретінде тиімді әрі әсерлі жылжытылуы үшін және оның даму әлеуетінің жоғары болуы үшін жасалу қажет іс-шаралар тізімі ұсынылады.

Жарияланды

2023-09-29