АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ТУРИЗМ НАРЫҒЫНДА ШАҒЫН ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ҮШІН «КӨК МҰХИТ» СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • А. ОНДАСИНОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Ж. ДУЛАТБЕКОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Г. АСКАРОВА Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • К. ТУКИБАЕВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Кілт сөздер:

ішкі туризм, көк мұхит стратегиясы, шағын қонақ үй, Атырау облысы, аз мобильді топ, қолжетімді орта, инклюзивті туризм

Аңдатпа

Қазақстанда ішкі туризмдегі орналастыру қызметі туристік өнімді қалыптастырудың маңызды құрамдасы болып табылады. Атырау облысында 2025 жылы 187 мыңнан астам турист тіркеліп, олардың 166 мыңы ішкі туристер, 21 мыңы шетелдік қонақтар болды; жалпы туристік ағын 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы 19,6% - ға өсті. Сонымен қатар, өңірде 26,3 мыңнан астам мүгедектеігі бар адам тұрады, олардың шамамен 55,6%-ы еңбек жасында. Бұл көрсеткіштер қолжетімді орналастыру қызметін әлеуметтік міндетпен қатар жаңа нарықтық сегментті игеру мүмкіндігі ретінде қарастырудың өзектілігін арттырады. Жұмыстың мақсаты – Атырау облысы мысалында шағын қонақ үйлер үшін физикалық, цифрлық және сервистік қолжетіміділікті біріктіретін «Көк мұхит» стратегиясын қалыптастыру және оның ықтимал экономикалық нәтижесін негіздеу.

Зерттеуде қонақтарға жеке сауалнама жүргізілген жоқ. Аз мобильді туристердің қажеттіліктері бұрын жарияланған эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін дәлелдік жүйелеу. Қазақстан Республикасының техникалық нормаларын талдау, Атырау облысының ресми туристік статистикасын және шағын орналастыру орындарының ашық цифрлық ресурстарын салыстырмалы бағалау арқылы айқындалды. «Көк мұхит» стратегиясының ERRC қағидасы негізінде физикалық, цифрлық және сервистік қолжетімділікті тұтынушылық құндылықпен және бизнес нәтижесімен байланыстыратын интеграцияланған авторлық модель ұсынылды. Экономикалық орындылық 3-5 бөлмені кезеңдік бейімдеу логикасына негізделген консервативті, базалық және оптимистік сценарийлер арқылы бағаланады. Зерттеу нәтижелері инклюзивтілікті жеке техникалық шара емес, шағын қонақ үйдің жаңа сұранысты игеруіне, сенімді арттыруға және нарықтағы дифференцияға мүмкіндік беретін құндылық инновациясы ретінде қарастыруға негіз береді.

Жарияланды

2026-09-30