ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А. КУСАИНОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Р. АГЫБЕТОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • С. ДУСЕНКО «ГЦОЛИФК» Ресей Спорт Университеті» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі
  • Н. АБИШОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

экологиялық туризм, Шығыс Қазақстан облысы, Геоақпараттық жүйелер, ArcGIS, инфрақұрылым, бағалау.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында экотуризмнің дамуы жалғасып дамып келеді. Еліміздегі экотуризмнің экономика саласына қосатын әлеуеті зор, оны дамыту үшін инвестиция тарту қажеттілігі бар. Экотуризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіру туристерге табиғат ерекшеліктерін тамашалауға, танымал объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мүмкіндігі. Республиканың Шығыс өңіріндегі экотуризм нысандарын дамыту үшін инвестициялар қажеттілігі оларды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасауды қажет етеді. Экологиялық туризмді пайдалы дамыту  қоршаған ортаға ғана әсер етіп қоймай, Шығыс Қазақстан облысы аумағында орта және шағын бизнесті дамытуға оңтайлы әсер беріп, облыс өңірінде туризм саласын дамыту үшін зор потенциал болып табылады. ЕҚТА инфраструктураны дамытуда сумен қамтамасыз ету, абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйеленеді, қорғауға алынған аумаққа жақын орналасқан экологиялық базалар мен қонақ үйлер көлемінің арту үдерісі болады. Осы көрсетілген факторлар Қазақстанда экологиялық туризмді дамытуда институционалдық және материалдық негізді нығайтуды арттырып еліміздің халықаралық деңгейдегі нарықта бәсекелестікке қабілетін арттыру, сонымен қатар, өңірдегі бірегейлік табиғат аумағына келушілердің ағынын арттыруға ықпалын тигізеді.

Бұл процесті ары қарай пайдалы дамыту мақсатымен келешекте ГАЖ  негізінде әртүрлі карталар жасақтау ең маңызды бағыт болуы тиіс. Бұл карталар келушілерге аумақ бойынша ақпарат қолжетімділігін арттырып, туристік объектілердің орналасқан орнын нақтылауға, маршруттарды дұрыс құруға, сонымен қатар қоршаған ортаны сақтау шараларын дұрыс жоспарлауға алғышарт болады.

Жарияланды

2026-09-30