ФЕСТИВАЛЬДЕРДІҢ АЙМАҚТЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Кілт сөздер:
фестивальдік туризм, оқиғалық туризм, тұрақты туризм, аймақтық туризм, Түркістан облысы, фестиваль тәжірибесі, туристік тартымдылық, туристік имидж, эмпирикалық зерттеуАңдатпа
Мақалада Түркістан облысында өткізілетін фестивальдердің аймақтық туризмнің тұрақты дамуына ықпалы эмпирикалық тұрғыдан зерттеледі. Зерттеу сандық әдіснама негізінде жүргізіліп, фестивальдерге қатысқан 250 турист арасында сауалнама ұйымдастырылды. Жиналған деректер Jamovi 2.6 статистикалық бағдарламасы арқылы өңделіп, конструкциялардың сенімділігі Cronbach's Alpha коэффициенті бойынша бағаланды. Айнымалылар арасындағы байланыс Пирсонның корреляциялық талдауы және қарапайым сызықтық регрессия әдістерімен анықталды. Зерттеу нәтижелері фестиваль тәжірибесі мен аймақтық туризмнің тұрақты дамуы арасында жоғары деңгейдегі оң және статистикалық мәнді байланыс бар екенін көрсетті (r=0,742; p<0,001). Регрессиялық талдау фестиваль тәжірибесі аймақтық туризмнің тұрақты дамуына қатысты өзгерістің 55,1%-ын түсіндіретінін анықтады (R²=0,551). Зерттеу нәтижелері фестивальдердің өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға, туристік имиджін нығайтуға, ұлттық мәдени мұраны насихаттауға және туристердің қайта келу ниетін қалыптастыруға елеулі үлес қосатынын дәлелдейді. Алынған қорытындылар өңірлік туризмді дамыту саясатын жетілдіруде және фестивальдерді тиімді ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауда практикалық маңызға ие.