ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА МАРКЕТИНГТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Кілт сөздер:
этнографиялық туризм, Түркістан облысы, цифрлық маркетинг, әлеуметтік желілер, бренд-платформа, туристік өнімАңдатпа
Этнографиялық туризм мәдени мұраны сақтау, ұлттық бірегейлікті нығайту және өңірлік экономиканы әртараптандыру құралы ретінде стратегиялық маңызға ие. Түркістан облысы тарихи-мәдени ресурстарға бай өңір ретінде этнотуризмді дамытуға перспективалы алаң болып табылады. Зерттеу мақсаты – әлеуметтік желілер мен маркетингтік технологияларды қолдана отырып өңірлік этнографиялық туризмді дамыту жолдарын анықтау. Зерттеу сандық әдіспен жүзеге асырылды, онда деректерді дескриптивтік статистика, корреляциялық және сегменттік талдау арқылы өңделді. Нәтижелер көрсеткендей, аудитория визуалды әрі интерактивті контентке қызығушылық танытты және тарихи нысандар мен қолөнер негізгі элементтер болып табылды. Қызығушылық деңгейі мен қатысу ықтималдығы арасында жоғары оң байланыс, сондай-ақ әлеуметтік желілердің бренд имиджіне әсері айқын байқалды. Instagram және TikTok негізгі маркетингтік платформалар ретінде тиімді. Қорытындылай келе, әлеуметтік желілер мен бренд-платформа арқылы жүргізілетін кешенді цифрлық стратегия этнографиялық туризмді насихаттау, аудиторияны тарту және туристік бренд құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.