БЕЙНЕКОНТЕНТТІҢ ӨҢІРЛІК ТУРИЗМНІҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • А. БАЙМАХАНОВА Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
  • Г. АСКАРОВА Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Р. АБИШЕВА Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • М. ҮНДІБАЕВА Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Кілт сөздер:

бейнеконтент, цифрлық маркетинг, өңірлік туризм, туристік тартымдылық, туристік дестинация, саяхат жасау ниеті, Түркістан облысы, эксперименттік зерттеу.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – Түркістан облысы туралы бейнеконтенттің әлеуетті туристердің өңірдің туристік тартымдылығын қабылдауына және саяхат жасау ниетіне әсерін эксперименттік әдіс негізінде бағалау. Зерттеу сандық әдіснамаға негізделіп, бір топқа арналған «дейін–кейін» (pre-test/post-test) эксперименттік дизайн арқылы жүргізілді. Деректер Google Forms платформасы арқылы жиналып, зерттеуге Түркістан облысына қызығушылық танытқан 120 әлеуетті турист қатысты. Статистикалық өңдеу IBM SPSS Statistics 27 бағдарламасында жүргізіліп, сипаттамалық статистика, сенімділік пен валидтілікті бағалау, жұпталған Стьюденттің t-тесті және Пирсонның корреляциялық талдауы қолданылды. Зерттеу нәтижелері бейнероликті көргеннен кейін респонденттердің өңірдің туристік тартымдылығын бағалауы, өңір туралы жағымды қабылдауы және саяхат жасау ниеті статистикалық тұрғыдан мәнді түрде артқанын көрсетті (p < 0,001). Сонымен қатар бейнеконтенттің сапасы, өңір туралы қабылдау, саяхат жасау ниеті және туристік тартымдылық арасында күшті оң корреляциялық байланыстар анықталды. Алынған нәтижелер өңірлік туризмді цифрлық маркетинг құралдары арқылы дамытуға ғылыми негіз қалыптастырып, туристік ұйымдар мен өңірлік басқару органдарының цифрлық маркетинг стратегияларын жетілдіруде практикалық маңызға ие.

Жарияланды

2026-06-30