ӨҢІРЛІК ТУРИЗМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ
Кілт сөздер:
өңірлік туризм, жасанды интеллект, AI, цифрландыру, туристік дестинация, бәсекеге қабілеттілік, Big Data, ChatGPT, Түркістан облысы, смарт-туризмАңдатпа
ММақалада жасанды интеллект технологияларын пайдалану негізінде өңірлік туризмнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қарастырылды. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени және зиярат туризмінің негізгі орталықтарының бірі болып табылатын Түркістан облысының туристік саласы таңдалды. Туристік дестинациялардың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері талданып, Ritchie және Crouch, Dwyer және Kim модельдері, сондай-ақ OECD ұсынған өңірлік туризмді дамыту тәсілдері қарастырылды. Жасанды интеллекттің Machine Learning, Generative AI, ChatGPT, Big Data Analytics, Recommendation Systems, Computer Vision, Digital Twins және Predictive Analytics сияқты заманауи технологияларының туризм саласындағы қолданылу мүмкіндіктері жүйеленді. Түркістан облысының туристік әлеуеті мен туристік инфрақұрылымының қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, цифрландырудың негізгі проблемалары анықталды. Зерттеу нәтижесінде өңірлік туризмді цифрлық трансформациялауға арналған жасанды интеллектті енгізудің авторлық тұжырымдамалық моделі ұсынылып, AI Readiness Index әзірленді және өңірдің AI технологияларын енгізуге дайындық деңгейі бағаланды. Сонымен қатар Turkistan AI Guide интеллектуалды платформасын енгізу, туристік ағындарды Big Data негізінде басқару, AI-маркетингті дамыту және туристік қызметтерді персонализациялау бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Ұсынылған шешімдер туристік қызметтердің сапасын арттыруға, туристердің қанағаттануын жоғарылатуға және Түркістан облысының халықаралық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.